УСЛУГИ
2022 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ есебі
Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Далабай ауылының негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»- ;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»-;
- «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»-;
- «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»-;
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» -;
- «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»-;
Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.
Барлық мемлекеттік қызметтерге Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беру екі тәсіл: көрсетілетін қызметті беруші арқылы "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арқылы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қағаз түрінде жүзеге асырылады.
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) денсаулық жағдайы туралы анықтамаларының ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген)) электрондық нұсқасы;
3) ЖСН (қосымшада) көрсетілген баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) баланың 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
Көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. қосымша ақпарат мекен-жай: Жарқайың ауданы, Далабай ауылы, Оспанов 2. Тел: 8(71648)93-1-12
Мектеп директоры: Т.Амиргазина.
Проекты
Объявления
Программа на сегодня
ДҮЙСЕНБІ, 1 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
СЕЙСЕНБІ, 2 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
СӘРСЕНБІ, 3 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
БЕЙСЕНБІ, 4 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
ЖҰМА, 5 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
СЕНБІ, 6 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
ЖЕКСЕНБІ, 7 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
Понедельник, 1 ноября
Вторник, 2ноября
Среда, 3 ноября
Четверг, 4 ноября
Пятница, 5 ноября
Суббота, 6 ноября
Воскресенье, 7 ноября
ДҮЙСЕНБІ, 1 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
СЕЙСЕНБІ, 2 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
СӘРСЕНБІ, 3 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
БЕЙСЕНБІ, 4 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
ЖҰМА, 5 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
СЕНБІ, 6 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ
ЖЕКСЕНБІ, 7 ҚАРАША 2021 ЖЫЛ